Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясы
ЖАҢАЛЫҚТАР
DSC_0092
Сәуір айының 21 – і күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының көрме залында «Өнертану», «Кескіндеме Мүсін және Дизайн» факультеті студенттерінің ұйымдастыруымен ««БАҚЫТ» деген…» тақырып аясында фото көрме ашылды.

Әрбір жеке тұлға алуан түрлі затты жеке көзқараспен көріп және өзіндік қабілетімен түсіндірді. Сондықтан ұйымдастырылған фото көрмеде әуесқой студенттердің «бақыт» деген ұғымын жеке түсінуі айқындалды. «Бақыт» ұғымы көп мағыналы сөз болғандықтан, оның мағынасы, композициясы, пішіні, масштабы әр түрлі. Атмосферада қалқып жүрген бақытты «фото» арқылы бір сәтпен ұстай алған, сондай-ақ оны фотода әсерлі бере білген студенттердің […]

Ресейлік «Эксперимент» театры бізде қонақта

2014 жылдың 23-сәуірінен бастап Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, «Эксперимент» тетарының көркемдік жетекшісі Виктор Владимирович Харитоновтың ашық шеберлік сабақтары өтуде. Сант-Петербург қаласынан арнайы келген Виктор Харитонов өнер ордасының шәкірттері мен ұстаздарына мынадай тақырыптар аясында дәріс оқуда: «ТЕАТР – «Эксперимент» театрының видеошежіресі»; «КИНО – 25 жыл бойы көрсетуге тыйым салынға фильмді ташалау және […]

«Ашық есік күні» «Өнертану» факультетінің «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасында.

2014 жылдың 18 сәуірінде Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шара аясында «Өнертану» факультетінің «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының оқытушылары болашақ талапкерлерді «кинотану», «кинотеледраматург» мамандықтарының қыр-сырымен таныстырды. Кафедраның жетекші ұстаздарының, жас мамандардың шығармашылық жетістіктері жайында фотосуреттер мен мақалалар көрмесі ұйымдастырылды. Арнайы бөлінген аудиторияларда болашақ талапкерлермен әңгіме-сұхбаттар жүргізілді.

Барлық жаңалықтар