Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясы
ЖАҢАЛЫҚТАР
IMG_9290
Ашық есік күні

2014 жылдың 18 сәуір күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шара аясында «Өнертану» факультетінің «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының оқытушылары болашақ талапкерлерді «кинотану», «кинотеледраматург» мамандықтарының қыр-сырымен таныстырды. Кафедраның жетекші ұстаздарының, жас мамандардың шығармашылық жетістіктері жайында фотосуреттер мен мақалалар көрмесі ұйымдастырылды. Арнайы бөлінген аудиторияларда болашақ талапкерлермен әңгіме-сұхбаттар жүргізілді.  

IMG_4314
Олимпиада 2014 Театр

2014 жылдың 15 наурыз күні Дәстүрлі жоғары оқу орындары арасындағы Республикалық пәндік олимпиада «Театр өнері» факультеті, «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасында 5В040700 «Актер өнері» және 5В040600 «Режиссура» мамандықтары бойынша өтті. Басты мақсат – өнер бакалаврларын дайындау сапасын көтеру және теориялық-практикалық оқу процестері негізінде жинақтаған білімінің деңгейі мен қабілетін, шеберлігін көрсету болып табылады. Олимпиада студенттердің жұмысы […]

IMG_9235
2014 жылдың сәуір айының 16-да Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург, профессор Дулат Исабековтың Лондон қаласында өткен «Қазақ әдебиетінің апталығы» іс-шарасының қорытындысына байланысты кездесу өтті.

2014 жылдың сәуір айының 6-12 күндері аралығында Лондон қаласында Kazakh Arts Academy-сы мен Айтматов Академиясының ұйымдастыруымен және ҚР Мәдениет министрлігі мен Лондон қаласындағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен «Қазақ әдебиетінің аптылығы» деген атпен мәдени іс-шара өтті. Апталықта елімізге белігілі жазушы-драматург Дулат Исабековтің шығармалар жинағының тұсау кесері және спектакль премьерасы өткізілді. 6.04.14. – әлемнің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу […]

Барлық жаңалықтар